Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Бейжіңдегі жеке студиясын көрсетті (видео)

Аты әлемді шарлаған жерлесіміз Димаш Құдайберген Бейжің орталығында орналасқан жеке студиясын көрсетті.

20184439_343367982766937_1318584397577846784_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Пекин. Студияда дайындық үстінде. Бірер сағаттан соң Шанхай қаласына жолға шығамын! Тәтті төсегіне жататындарға қайырлы түн!” – деп жазды Димаш желідегі парақшасында.

Димаштың жеке студиясы қарапайым халықты ғана емес, танымал өнер жұлдыздарының өзін таңғалдырды. Мәселен, әнші Мәдина Сәдуақасова:

“Димаш, мынау не деген студия, осындай фото-видео көбірек салшы”, – деп таңданысын білдірсе, актер Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова: “Жолың болсын, жұлдызым”, – деп ақжарма тілегін жеткізді.

Айта кетейік, соңғы үлгідегі аспаптар мен құралдармен жабдықталған студияны Димашқа қытайлық әріптесі туған күніне сыйға тартқан болатын. Естеріңізде болса, Лауре Шенг Singer жобасының финалында Димашпен дуэт айтқан еді.

Жіберіп алмаңыз:

Қайта оралуыңызбен: Қазақстандықтар Қайрат Түнтековті сағынғандарын айтты

Анна Седокованың қазақстандық әншіден бала босанып алғаны рас па?

Пайдамды тигізгім келеді: Әнші мұқтаж отбасыға азық-түлік әкеп берді

Лидо алғаш рет “кәрі, семіз әрі тақыр басты” күйеуін көрсетті (фото)

Талқылау