Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай әншісі Димашқа Бейжің орталығынан дыбыс жазу студиясын сыйлады

Singer жобасының ақтық кезеңінде Димашпен бірге дуэт айтқан танымал қытай әншісі қазақ әншісіне ерекше сый жасады. Ол 23 жасқа толуына орай Димашқа Бейжің орталығында орналасқан соңғы үлгідегі дыбыс жазу студиясын сыйлады.

18620127_695528483966361_8269757378271570821_n

Бұл туралы Facebook-те Нұршат Төкен есімді журналист жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

“Димаштың Биг Боссы Лауре Шенг Димашқа Пекиннің қақ ортасынан соңғы технологиялармен жабдықталған дыбыс жазатын студия тарту етті”, – деп жазды журналист.

лауре шенг студия сыйлады

Желідегілер Димаш үшін қуанып, әншіні құттықтап жатыр.

Еске сала кетейік, мамырдың 24-і күні Димаш 23 жасқа толды. Бұл күні қазақ әншісін бүкіл әлем жарыса құттықтады. Әйгілі әнші Лара Фабиан, жер жаҺанға мәлім “Титаник” фильмі саундтрегінің авторы Уолтер Афанасьефф, голливуд жұлдызы Ева Лонгория Димашқа видео-құттықтаулар жолдады. Одан бөлек, әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер Димашқа ақ тілектері мен жүрекжарды лебіздерін әлеуметтік желі арқылы жеткізіп жатты. Ал Димашты ерекше жақсы көретін қытайлар Қытайдын Бейжің, Шанхай, Гуанжоу қалалары мен Астанамыздың лэд-экрандарын жалға алып, бір күн бойы тек Димаштың суреттерін көрсетті.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайдың бас елшісі: Димаш – екі ел қарым-қатынасының жаңа серпіні

Қуан қазақ! Димаш “Жылдың ең танымал әншісі” жүлдесіне ие болды (видео)

Әйгілі “Титаник” әнінің авторы Димашқа ерекше құттықтау жолдады (видео)

Димаш үшін арнайы тапсырыспен құлаққап жасалды (фото)

Тест: Сіз расымен де Димаштың тыңдарманысыз ба?

Талқылау