Димаш үшін арнайы тапсырыспен құлаққап жасалды (фото)
Бүгін Бейжің қаласында өтетін Димаштың тыңдармандармен кездесу кешіне әншінің фанаттары айрықша дайындалуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Димашқа жанкүйерлік ететін D.M.D. (Dears of Magical Dimash & Diamond for Dimash) және Guardians of Dimash жанкүйерлік топтары бүгінгі кеште Димашқа ерекше құлаққап сыйламақшы. Олар арнайы тапсырыспен qds маркасының соңғы үлгідегі құлаққапқа әншінің тегі мен аты-жөнінің бас әріптерін жаздырған.

Құны үш мың долларды (бір миллион теңгеге жуық) құрайтын бұл ерекше сыйлық бүгін тыңдармандармен кездесу кешінде әншіге табысталады. Айта кетейік, бүгін ерекше дарын иесі, танымал әнші Димаш Құдайберген 23 жасқа толды. Оған әлемнің түпкір-түпкірінен құттықтаулар жолдануда.

Тағы да оқыңыз:
Қытайлық фанаттары Димаштың туған күніне Астананың барлық LED экрандарын жалға алды
Әлем фанаттары Димаштың туған күніне тосынсый әзірлеп жарысуда (фото, видео)
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"