Диетолог жұмыртқаны дұрыс жеп, қалай арықтауға болатынын айтты
АҚШ диетологы жұмыртқаны дұрыс жеп, қалай арықтауға болатынын айтты. Маманның кеңесін Insider басылымы жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Натали Риццоның айтуынша, құрамында холестерин көп болғанына қарамастан, жұмыртқа дұрыс тамақтанып, арықтағысы келетіндерге таптырмас азық.
"Жұмыртқа - ағуыздың қайнаркөзі. Оның құрамында А, D және B тобының дәрумендері, фолий қышқылы бар", — деп атап өтті дәрігер.
Диетологтың айтуынша, жұмыртқаның құрамындағы ағуыз ашығу сезімін ұзаққа дейін жойып қана қоймай, зат алмасу процесін жылдамдатады. Ал ол арықтау кезінде маңызды екені белгілі.
Риццо арықтағысы келетін жандарға жұмыртқаны ет өнімдерімен бірге тұтынбауға кеңес берді. Оның орнына көкөністер, авокадо мен тұтас дәнді нанмен бірге жеген дұрыс болатынын айтты.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған