Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетолог арықтау кезіндегі ең үлкен қателікті атады

Америкалық диетолог Лиза Московиц арықтау кезіндегі ең үлкен қателікті атады. Ол диета кезінде таңғы астан бас тартуға болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Eat This, Not That! басылымы жазған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Салмақ тастағысы келетін жандардың таңғы астан бас тартуы - жиі кездесетін жағдай. Әдетте олар тұтынатын калориялар санын азайту үшін осындай қадамға барады. Алайда маманның сөзінше, олай жасауға болмайды. Таңғы асты ішпеу көңіл-күйді құбылмалы етіп, аштық, шаршаңқылық сезімдеріне алып келеді. Ал бұлар өз кезегінде арықтауға кедергі келтіреді. 

"Таңғы асты ішкеніңіз немесе ішпегеніңіз сіздің бүкіл күніңізге әсер етеді. Энергияның сарқылуына, концентрацияға, астың қорытылуына, көңіл-күйге, ашығудың деңгейі мен метаболизмдік функцияға әсер етеді", - деп түсіндірді Московиц. 



Диетологтың айтуынша, тұрақты түрде таңғы асты ішіп қана қоймай, онда ағуыз, майлар мен клетчатканың жеткілікті дәрежеде болуын қадағалау керек. Егер таңертең ас әзірлеуге уақыт болмаса, диетолог йогурт, қуырылған нанды бадам майымен немесе протеинмен бірге жеуге кеңес береді.

Талқылау