Диетолог аптап ыстықта қандай өнімдерді тұтынған жөн екенін айтты
Диетолог-терапевт Анастасия Тимошенко аптап ыстықта қандай өнімдерді тұтынған пайдалы екенін айтып берді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Известия басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Маманның айтуынша, жазда су-электролит балансын сақтау маңызды. Ол үшін жаңғақ, шемішкі, қызанақ, жапырақ, қырыққабат, сондай-ақ жидектер мен кептірілген жемістер жеу керек.
Дәрігер су ағзадағы сұйықтық тапшылығын толтыруға көмектесетінін атап өтті. Оның айтуынша, құрамында қант жоқ алкогольсіз газдалмаған сусындарды да тұтынуға болады. Сонымен бірге дәрігер кофені шектеуге кеңес берді.
Сонымен қатар жоғары калориялы тағамдарды аз тұтынуға кеңес берді. Әрі жазда алкогольді өнімдерден бас тартқан жөн.
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген
"Домбыра – харам, Наурызды тойлауға болмайды": Қоғамды дүрліктірген діни уағыздар және оған ҚМДБ не дейді
ҚМДБ өкілдері дінді насихаттауда шектен шықпауға шақырды