Депутат Жигули Дайрабаев Астанаға көшіп барғалы жалдамалы пәтерде тұрғанын айтты
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев "Ұйқым келмейді" бағдарламасының қонағы болып, біраз қызық сауалдарға жауап берді. Сұхбат барысында ол отбасымен депутаттарға арналған қызметтік пәтерге көшкенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен біреуге бір кінә қоятын адам емеспін. Астанаға келгеніме 3,5 жылдай болды. Осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерде тұрдық. Сұранысқа байланысты енді үй алдым", - деп бөлісті депутат.
Сондай-ақ Жигули Дайрабаев көлікті тек өзі жүргізетінін айтты.
“Көлікті өзім айдаймын. Депутат болғалы 2-3 апта болды. Үкіметтің көлігін көрген де жоқпын, қызығып сұраған да жоқпын. Өз көлігім бар, сонымен жүремін. Көлік мінгеніме 52 жыл болды, бүкіл Қазақстанды өз көлігіммен аралап шықтым", - деді Жигули Дайрабаев.
"Трендті ұстап тұрған әже": Желіде немересімен видео түсірген 86 жастағы кейуана қазақстандықтарды сүйсіндірді
Немересі: "Әжем өзінің танымал екенін әлі білмейді"
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген