Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат: заңгерлер жұмыс істесе, қаржы қайтарылуы тиіс

Америкалық банктегі Ұлттық қор қаржысы туралы мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев пікір білдірді.

Әшімбаев бұғатталған қаржының қайтарылатынына сенімді.

“Бұл қаржы біздің елге, халыққа тиесілі. Сондықтан олардың қайтарылатынына сенімдімін. Қажетті рәсімдер орындалады. Және олар оң шешім табады. Меніңше қандай да бір келісімге келу керек. Қазақстанның заңгерлері жұмыс істеуі қажет. Біздің билік мемлекеттің мүддедісн қорғай алады деп ойлаймын”, – деді мәжіліс депутаты журналистерге.

Құзырлы мемлекеттік орган бұл мәселені шешу үшін жұмыстарын бастап кеткені туралы айтты Әшімбаев.

Айта кетейік, 21 желтоқсанда  америкалық банк Қазақстан Ұлттық қорының 22 млрд доллар қаржысын бұғаттап тастаған еді.

Тағы оқыңыз:

Қазақстандағы ең көп пара алатын мемлекеттік органдар белгілі болды

Өзбекстан Қазақстанға 143 млн доллар қарызын өтеді

Америкалық банк Қазақстан Ұлттық қорының 22 млрд доллар қаржысын бұғаттап тастады

БЖЗҚ банкрот компанияларға берген қаржыны қалай өндіріп алмақ

Талқылау