Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық банк Қазақстан Ұлттық қорының 22 млрд доллар қаржысын бұғаттап тастады

Америкалық BNY Mellon банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 22 млрд долларын бұғаттап тастады. Бұл туралы 4-Traders хабарлады.

Бұған себеп Молдова кәсіпкері Анатолий Стэти мен оның компанияларының Қазақстан үкіметі үстінен түсірген шағымы. Өз кезегінде ҚР Ұлттық банкі Нью-Йорк Меллон Банкіне қарсы сотқа шағым түсірген. Ұлыбританияның соты бұл істі 22 желтоқсанда қарайды.

Бұғатталған қаржы көлемі ҚР Ұлттық қорының 40 пайызын құрайды.

Бұған дейін Еуропада Қазақстанға тиесілі компаниялардың акциялары ұсталғаны белгілі болаған еді.

Кейін, Амстердам соты американдық банктің голландиядағы филиалына берген ҚР Ұлттық қорының қаржысын қайтарып алуға рұқсат берді.

Әділет министрлігінің айтуынша, соңғы төрт жылда Қазақстан бірнеше шетелдік сот істеріне қатысты.

Тағы оқыңыз:

Назарбаев: Ұлттық қордағы қаражатты сақтау керек, алда не болары белгiсiз

Wall Street Journal: Қазақстанның Ұлттық қорындағы ақша 6-7 жылда таусылып қалуы мүмкін

Реформа: Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроны тергей алатын құзыретке ие болды

Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Данэлия Төлешовамен кездесті

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр