Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Данелия Төлешованың өнеріне тәнті болды

Данэлия Төлешова “Голос. Дети” украиналық шоуында жеңіске жетіп, келесі жылы “Eurovision Junior” музыкалық байқауының кастингіне қатысады. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрімен кездесіу барысында айтты.

Фото: Sputnik

Украинаның «Голос. Дiти» байқауының финалына бір күн қалғанда Данэлия Төлешова елге келіп, Тәуелсіздік күніне арналған концертке де қатысып үлгерді.

“Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы тәуелсіздік күніне орай өткен 15 желтоқсандағы салтанатты концертте көрсеткен өнеріне тәнті болғанын жеткізуін сұрады. Коцертте өнер көрсеткен басқа да қатысушыларға алғыс білдіремін”, – деп президенттің сөзін жеткізді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

“Биыл қараша айында біз жеті баланы Грузияға апардық, олардың арасында ағайынды Жүгінісовтер мен Данэлия болды. Олар еуроклуб аясында өнер көрсетіп, сол жерде Eurovision Junior жұмыс комитеті қатысушыларды қарады. Биыл 16 ел қатысып, тағы екі ел – Израиль мен Қазақстан келесі жылы Минскіде өтетін байқауға қатысуға өтініш берді”, — деді “31 арна” бас директоры.

Оның айтуынша, ұлттық кастинг бірінші жартыжылдықта өтеді, соның нәтижесі бойынша дауыс беру арқылы Минскідегі байқауда Қазақстанның намысын қорғайтын қатысушы анықталады.

Кездесу кезінде министр жас әншіге өз құттықтауын жеткізіп, мини-айпад сыйлады. Сол жерде Данэлия Төлешова алдағы жоспары жайында айтып берді.

Оқи отырыңыз:

Жұлдыздар ұстанатын жаңа жылдық дәстүрлер қандай?

Мақпал Жүнісова: Азық-түлік қымбаттаса, халықтың айлығын да көтеру керек

Қарақат “тұсаукесерді бизнеске айналдырды” деп сынағандарға жауап берді

 

Талқылау