Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДДСҰ: "Дельта" штаммы алғашқы SARS-CoV-2-ге қарағанда екі есе жұқпалы

Коронавирустың "дельта" штаммы алғашқы SARS-CoV-2 нұсқасына қарағанда екі есе көп жұқпалы. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас ғылыми қызметкері Сумя Сваминатан мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Оның айтуынша, қазір коронавирустың бұл нұсқасы әлемнің 85-тен астам елінде бар, бұл оның таралу жылдамдығын көрсетеді.

"Дельта" басқа штаммдарды басып озды, бұл әлемдегі басым штаммға айналуы мүмкін", — деді Сваминатан.

ДДСҰ өкілі “дельта” штаммы бар бір адам екі емес, төрт, алты немесе тіпті сегіз тұрғынға жұқтыруы мүмкін екенін атап өтті.

Сарапшы қазіргі кезде отбасының барлық мүшелері коронавируспен ауыратын жағдайлар жиілеп кеткеніне назар аударды.

"Дельтаға" қарсы вакциналардың тиімділігі туралы айта келе, Сваминатан олардың кем дегенде аурудың ауыр ағымына қарсы тиімді болатынын мәлімдеді.



Сондай-ақ ДДСҰ өкілі коронавирустың жаңа түрі – "дельта плюс" қаупі туралы пікір білдірді. Бұған дейін аталған штамм антиденелердің тиімділігіне әсер етуі мүмкін деген ақпарат болған.

"Бұл штамм өлімге әкелуі мүмкін деген алаңдаушылық бар", — деді Сваминатан,

Соған қарамастан, ол "жақсы жаңалық" бар екенін айтты — әлемде “дельта плюс” инфекциясының бірнеше ондаған жағдайы ғана тіркелген.

Еске салайық, коронавирустың “үнді” штаммы Қазақстанның Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында анықталды.

Талқылау