Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда вакцинадан өтуге кімдер міндеттеледі: Міндетті вакцинациялауға қатысты басты сұрақтарға жауап айтылды

ҚР премьер- министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов кейбір ұйымдардың қызметкерлері міндетті вакцинациядан өтуі керек екенін айтты. Жаңа талап кімдерге қатысты болмақ? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Еліміздің барлық аймақтарында жүзеге асырылуы тиіс бірқатар шараларды қабылдадық.  Қызмет көрсету саласының, ұжымы үлкен ұйымдардың қызметкерлеріне вакцинасыз жұмысқа кіргізілуіне шектеу қойылады. Өндірістік кәсіпорындарының, қызмет көрсету саласының немесе басқа да ұйымдардың медициналық қарсы көрсетілімі болмаса да, вакцинадан бас тартқан қызметкерлерден ПТР-тест талап етіледі. 

Сонымен қатар, Ashyq жобасына тіркелу үшін мекеменің барлық қызметкері вакцинадан өтуі қажет. Бұл талап жүйеде бұған дейін тіркелгендерге де қатысты. Ashyq жобасына ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде және азық-түліктік емес базарлар  қосылады", – деді Тоғжанов.

Вице-премьер қазақстандықтар жеті күн сайын ПТР-тест тапсыруы қажет екенін атап өтті.

Ол міндетті вакцинация азаматтардың барлығына қатысы болмағандықтан, олардың құқығы шектелмегенін алға тартты

"Бірінші кезекте Конституцияның 29 бабына орай біз халық денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттіміз. Сондықтан біздің айтып отырғанымыз азаматтардың барлығына емес, қызмет көрсету саласының жұмыскерлеріне ғана қатысты. Олар күн сайын мыңдаған адамдармен қарым-қатынаста болып, басқаларына қауіп төндіреді. Негізі бұл "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының бастамасы, яғни кәсіпкерлердің өзі қолдап отыр. Сондықтан мен бұл жерде біреудің құқығы бұзылып жатыр деп айта алмаймын. Сонымен қатар, біз вакцина мен ПТР-тест тапсыруға болады деп таңдау бердік. Біз тұрғындардың денсауғына қауіп төндіре алмаймыз", – дейді ол.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова жаңа талаптар қандай ұйымдарға қатысты болатынын түсіндірді.

“Ұжымдық ұйымдар деп отырғанымыз – қызметкерлер саны 20-дан асатын мекемелер. Міндетті вакцинация мен 7 күн сайын ПТР-тесттен өту осы жұмыскерлерге қатысты болады”- деді ол.

Бұл талаптар Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы жарияланған соң күшіне енеді.

Бұған қоса, ПТР-тесттен өту шығындарын қызметкердің өзі немесе жұмыс беруші тарап өтейтіні айтылды.

Сонымен қатар, Есмағамбетова талаптарға бағынбағандар жауапкершілікке тартылатвнын сөз етті. 
“Міндетті вакцинация туралы бас санитар дәрігердің қаулысы жарияланады. Егер оның қаулысы орындалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жеке тұлғалар ережеге бағынбаса, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді” - деп қосты Есмағамбетова.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде коронавирустың "үнді" штаммының анықталуына байланысты карантин шаралары қатаңдатылатыны айтылған еді. 

Талқылау