Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДДСҰ: 12 жастан асқан балалар міндетті түрде бетперде тағуы керек

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 12 жастан асқан балалар мен ересектер міндетті түрде бетперде тағып жүруі керек екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ДДСҰ балалардың вирусты қалай тарататыны туралы мәліметтер аз болғанымен, жасөспірімдердің басқаларға ересектер сияқты жұқтыруы мүмкін екендігі туралы дәлелдер бар екенін атап өтті.

Бес жас және одан кіші балаларға әдетте бетперде тағуға болмайды, деді ДДСҰ-да.

Джон Хопкинс университетінің мәліметінше,  әлемде кем дегенде 23 миллион коронавирус жұқтырған. Алайда вирусты жұқтырған адамдардың нақты саны тестілеудің жеткіліксіздігіне және симптомсыз жағдайларға байланысты әлдеқайда жоғары деп саналады.



Бұған дейін еліміздің бас санитар мемлекеттік дәрігері Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысына сәйкес, қазақстандықтарға көшеде маска тағып жүру міндеттелген еді. Кейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл ереженің балаларға да қатысты екенін айтты. Алексей Цойдың айтуынша, маскаларды барлық балаларға, оның ішінде нәрестелер де тағуы керек. Осы мәлімдемесінен кейін министр сынға қалды

Көп ұзамай Алексей Цой бұйрығыны өзгертіп, балаларға бетперде тағу міндетті емес екенін жария етті. 

Талқылау