Малышева балаларға маска тағудың қауіптілігі туралы айтты
Медицина ғылымдарының докторы Елена Малышева балаларға арналған қорғаныс маскаларының қауіптілігі туралы айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желі қолданушылары Елена Малышевадан Қазақстандағы сәбилерге маска тағу туралы бұйрыққа қалай қарайтынын сұрап пікір қалдырған.
"Бұл қолайсыз... Балалардың тыныс алуы толық жетілмеген. Сонымен қатар, олар ересектерге ешқандай қауіп төндірмейді", - деп жауап берді Малышева. Американдық педиатрлар қауымдастығының мәліметі бойынша, балалармен, тіпті, әлеуметтік қашықтық қажет емес, деп атап өтті ол.
Тележүргізуші сонымен бірге АҚШ-та бетперде киген балалардың қайтыс болуының екі жағдайы тіркелгенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда денсаулық сақтау министрі балаларға маска тағуды міндеттеген еді. Алайда бүгін ол бұйрығынан бас тартты.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды