2 жасқа дейінгі балаларға маска тағу қауіпті: Министр Цойды сәбилерге маска тағу туралы ережесі үшін сынға алды

Қазақстандағы балалар дәрігерлері денсаулық сақтау министріне балалардың міндетті түрде маска киюінен бас тарту керек деген өтінішпен жүгінді. Олардың айтуларынша, маскалар нәрестелер үшін қауіпті болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дмитрий Киреев нәрестелерге міндетті түрде маска тағуға алаңдаушылық білдіріп, Алексей Цойға бұл шешімді қарастыруға өтініш жасады.

"Американдық балалар ассоциациясы және ауруларды бақылау және алдын алу орталығында 2 жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ тыныс алу проблемалары бар адамдарға және масканы өздігінен шешіп тастай алмайтындарға тағуға болмайды делінген. АҚШ-та егер ата-аналар 2 жасқа толмаған балаларына масқа кигізсе, оларға айыппұл салынады. Неліктен? Себебі бала тұншығып қалуы мүмкін. Ал бізде жағдай керісінше. Журналистің балаға масканы қайдан аламыз деген сұрағына, кез-келген дәріханадан алуға болады деген жауап болды. Мен қаланың бірнеше дәріханасында болып, нәрестелерге арналған маска сұрадым, алайда дәріханаларда тек ересектерге ғана арналған маскалар бар. Алексей Цой бұдан үлкен дау тудырмай масканы марлядан жасауға кеңес берді. Бұл өте қызық. Қазір адамдар үрейге бой алдырып, нәрестелеріне маска тағып қояды, ның үстіне кім 83 мың теңге айыппұл төлегісі келеді, кейбір адамдар үшін бұл ақша бір айлық жалақы. Бұл бұйрықтың соңы қайғылы жағдайларға әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан денсаулық сақтау министріне өз шешімін қайта қарастыруды сұраймын", - деді Дмитрий.

Сонымен қатар Дмитрий маска тағудың орнына қандай шара қолдануға болатынын айтып кетті.

"Мұндай адамдарды мүмкіндігінше қашықтықта ұстау ұсынылады. Менің ойымша, әр ана балаға зиян тигізбеу үшін өзін оқшаулап, қашықта болады (зиян тигізбеу, демек, тұншығуға жол бермеу). Осылайша, егер оның баласы вирустың асимптоматикалық тасымалдаушы болса, айналасындағыларды қорғау керек", - деп жазды педиатр.

Бұған байланысты балалар дәрігері және қоғам қайраткері Қайырғали Көнеев те өз пікірін білдірді.

"Денсаулық сақтау министрінің ойланбай қабылдаған тағы бір шешімі - сәбилерге де маска кию керек, әйтпесе айыппұл салу қаупі бар .

Жаңа туған нәрестелердің кенеттен қайтыс болуының бір себебі - жөргек тінінің бөліктерінің аспирациясы (ғалымдар кенеттен қайтыс болу жаңа туған нәрестелердің тыныс алу жолдарында жөргек тінінің бөліктерінің табылуымен байланыстырады).

Ал Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сәбилерге масканы марлядан жасауды ұсынады! 

Мен министрден тез арада оның бұйрығына түзетулер енгізіп, оның сөздерінен бас тартуын сұраймын!", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 30 шілдеден бастап қазақстандықтарға көшеде бетперде киюге бұйрық берілген. Бұл туралы елдің бас санитарлық мемлекеттік дәрігері Айжан Есмағамбетованың бұйрығында айтылған.

Кейінірек денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл ереже тек ересектерге ғана емес, балаларға да қатысты екенін түсіндірді. Сонымен қатар ол жеке қорғаныс құралдарын барлық қоғамдық орындарда, соның ішінде кафелерде, спортпен шұғылданғанда кию керек екенін атап өтті.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр