"Дайын болмады": Ерке Есмахан мен Райымның Америкадағы концерті кейінге шегерілді
Танымал әнші Ерке Есмахан мен Раймның Америкада өтеді деп жоспарлаған концерті кейінге шегерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иелері қыркүйекте Американың төрт қаласында концерт берулері керек еді.
“Айтпақшы, АҚШ-тағы концерттеріміз визамыздың дайын болмағанына байланысты ақпан айына ауысты. Қазір Америкада қыдырып жүретін едім. Әрине, барлығына шүкір", – деді Ерке Есмахан.
-
"Менің атымнан жауап беріп жатыр": Raim оқырмандарын алаяқтардан сақ болуға шақырды
-
"Желкеңнен түсіріп алады": Ерке Есмахан дөрекі қарым-қатынас жасайтын тыңдармандарына ескерту жасады
Еске салайық, осыған дейін эстрада жұлдыздары концертінің билет бағасын жариялаған еді.
“Американың Нью-йорк, Чикаго, Лос-Анджелес және Хьюстон қалаларында өтетін концерттің билеті 55-75 доллар шамасында. Алайда алдағы уақытта билеттердің бағасы өзгеріп, қымбаттап кетуі мүмкін екенін хабарланған болатын.
Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмаханның "Қайда" әніне ұқсас әнді айтқан ресейлік әнші хейтерлерге жауап берген еді.