Дәурен Елеусіновтің жеңілісінен соң, келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусіновтің (10-2-1, 9 КО) келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен орны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Менеджері Зия Әлиев Instagram парақшасында Елеусінов 2 қазан күні Алматыда өтетін бокс кеші аясында шаршы алаңға оралатынын хабарлады. Дәуреннің қарсыласы әлі анықталмаған.
Осы жылдың шілде айының соңында Дәурен Елеусінов Нью-Йоркте өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, бірінші раундта америкалық Юниор Юнаннан (17-0-1, 11 КО) нокаут алған болатын. Қазақстандық үшін бұл проф рингтегі екінші жеңіліс болды.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр

