Анна Данилина US Open турнирінің бірінші айналымында жеңіске жетті
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

А.Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге алғашқы айналымда сербиялық Александра Крунич – Польша өкілі Магда Линетпен ойнады. Қазақстандық-бразилиялық дуэт 6:2, 7:6 (7:4) есебімен басым түсті.
Бір сағат 22 минутқа созылған бәсеке барысында олар 3 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыластары 2 эйс, 1 брейктен аса алмады.
Анна Данилина мен Беатрис Хаддад Майя екінші айналымда испаниялық Алена Большова мен норвегиялық Ульрикке Эйкеримен сынға түседі.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан

