Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Айдарқұлов: Мен 34 жасымда алғаш рет ғашық болдым, Ақботаны шектен тыс қызғандым

Дәурен Айдарқұлов Ақбота Сейтмағамбетпен ажырасып кеткелі бері алғаш рет сұхбат берді. Екінші некесінің не себепті баянсыз болғанын ашық айтты. 34 жасында алғаш рет шын ғашық болғанын мойындаған актер болашақтағы жоспарлары туралы айтты. 

Дәурен Айдарқұлов бірінші отбасына қайта оралды ма?

Бұл туралы "Талк лайк" бағдарламасындай айтылды. 

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет 4 жылдан соң ажырасып кетті. Бірінші некесі сәтсіз аяқталған актер екінші некесін де сақтап қала алмады. Бұған өзі екі жақтан да кінә бар деп қарайды. 

"Мен Ақботаға шын ғашық болып үйлендім. Себебі менде 34 жасыма дейін ондай махаббат болған емес. Мен оны шектен тыс қызғандым. Қазір ондай қызғаныш жоқ. Егер үшінші рет үйленсем, екі отбасымның сәтсіз болғанын ескеріп, өзіме  тұсау қоямын деп ойламын. Ақбота өзінің сұхбатында ажырасуымызға шектен тыс қызғаныш себеп болды деген екен. Мен бұған тағы бірнәрселер қосқым келеді. Ол үшін бірінші отбасы тұрды. Осындай нәрселер барын айта кетейін. Бірақ осы үшін ажырастық деп бәрін ашып айтқым келмейді", - деді Айдарқұлов.



Әзілкештің айтуынша, ол Ақботамен қосылуға бірнеше рет қадам жасаған. Алайда Ақбота қайта қосылауға ниетсіз екен. 

"Мен әрдайым қайта қосылуға қадам жасадым. Оның тарапынан ондай қадам болған жоқ. Екі отбасымдағы балаларыммен қалаған уақытта кездесе аламын. Ол жағынан қиындық жоқ. Біз тіпті онлайн түрде ажырастық. Мен уақытты созуға тырысқанымен Ақбота біржола шешім қабылдағанын айтты. Сондықтан сот төрешісі бізді заңды түрде ажырастырды. Менің осындай жүйеге күлкім келеді. Қазақстанда жастарды онлайн түрде-ақ ажырастыра береді екен", - деді әзілкеш.

"Бота мені сүйді ме, сүймеді ме соны әлі де түсіне алмадым. Мен оны шын сүйдім. Онымен үйленгенде ажырасатын ойым болған жоқ", - деді Дәурен. 

Айта кетейік, бұған дейін Ақбота Дәуреннің өте қатты қызғаншақ екенін айтқан еді. Екеуінің екі жаққа кетуіне қызғаныш себеп болды деп кесіп айтты. 

Талқылау