Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Далаға 5 минут шықсаң да қызғанатын": Ақбота Сейтмағамбет не себепті ажырасқанын ашық айтты

Ақбота-Нұр Сейтмағамбет Дәурен Айдарқұловпен не себепті ажырасты? Төрт жылғы некеден соң жұлдызды жұп ойда-жоқта айырылысқан еді. Ашық сұхбат берген әнші мән-жайды түсіндіріп берді.

Ақбота мен Дәурен

"Дәурен өте қызғаншақ адам. Исламда әйелді қызғану керек деп айтады. Бірақ жөн-жосықсыз қызғана беруге де болмайды деп ойлаймын. Далаға екі баламен қыдырып келсең де қызғанады, бес минут дүкенде артық жүріп қалсаң да қызғанады, құрбыларыңмен он минут отырып қалсаң да қызғанады. Жалпы көп қызғана беру, себепсіз қызғануды мен ауру деп санаймын. Қызғануға болады, бірақ артық қызғаныш бұл ауру. Мен солай санаймын. Тіпті кинолардағы рөлдерден де қызғанатын. Мен талай рет Дәуренмен ұрысып, қырылысып, түсірілімге келген кездер болды. Жылап-жылап аламын да түк болмағандай ойнай беремін. Сериалдағы Тайлақтан, басқа режиссерлерден қызғанып ұрыс шығаратын", - деді Ақбота Жанар Айжановамен болған сұхбатында. 

Әншінің айтуынша, орынсыз қызғаныштың соңы адамды мезі етіп, соңында ажырасуға дейін жеткізген. Тіпті жүйке жүйесіне әсер етіп, сыр бере бастағанын айтты. 



"Менің күйзелістен, ашудан, ұрыс-керістен жүйкем бұзылып, денеме жапа қаптады. Оны косметикамен, жабық киіммен жауып жүрдім. Жалпы мен ол жындыханадан шаршап кеттім. Ақыры үн-түнсіз кетіп қалдым. Қазір миым тыныш. Қайда бармын, қашан келемін, ешкімнің шаруасы жоқ. Ешкімге есеп бермеймін", - деді әнші. 

Ақбота ажырасқан соң Дәуренмен бірге ғашықтар рөлін сомдауға ұсыныс түскенін айтты. Алайда Дәурен бас тартыпты. 

"Біз ажырасқалы бері бір киноға түсуге ұсыныс түсті. Мен келістім. Ғашықтардың рөлін Дәурен екеуміз сомдауымыз керек болды. Бірақ Дәурен бас тартып, мені кинодан алғызып тастады. Менімен бірге киноға түспейтнін айтты. Бұған мен жұмыс ретінде қараймын. Дәурен ойнаса да, басқа ойнаса да мен ба тартпас едім. Болашақта да бас тартпаймын", - деді Сейтмағамбет. 

 

 

 

 

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр