Дау кезінде өз-өзін ұстай алмаған: Алматы облысында ер адам ата-анасын пышақтады
Алматы облысында ер адам ата-анасын пышақтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
фото: pixabay
Әке-шешесімен сөзге келіп қалған кісі қамауға алынды. Ер адамның анасы дүниеден озып кетті, дәрігерлер әкесінің өмірін сақтап қалу үшін тырысып жатыр.
"Қылмыс үйде жасалған. Ер кісі дау кезінде өз-өзін ұстай алмай ата-анасын пышақтаған. Әйел алынған жарақаттардың кесірінен оқиға орнында қаза тапты. Дәрігерлер әке өмірі үшін күресіп жатыр. Қылмыс жасаған адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде", — ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Жалпы алғанда елімізде кеше 734 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Олардың ішінен 444-і анықталды. Төрт кісі өлімі, алты зорлық, есірткіге қатысты 32 құқық бұзушылық, денсаулыққа ауыр жарақат әкелген сегіз жағдай, 18 ұрлық болды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады
