Дәрігерлер парацетамолды шамадан тыс қолдану өлімге әкелетінін ескертті
Фото: shutterstock.com
Дәрігерлер танымал дене қызуын төмендететін дәрінің қауіпті екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі El Pais басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Испанияның жедел медициналық көмек қоғамының дәрігерлері кез келген ауру кезінде, тіпті суық тиюде де, өзін-өзі емдеумен айналыспауға шақырды.
Дәрігерлер парацетамолды шамадан тыс пайдаланудың бауыр жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін екенін, тіпті өлім қаупін арттыратынын да ескертті.
Мамандардың айтуынша, денсаулыққа қауіпті тағы бір дәрі – ибупрофен. Сонымен қатар, дәрігерлер соңғы кездері жастар арасында танымал болып кеткен потенцияны арттыруға арналған дәрілерді бақылаусыз қабылдаудан бас тартуды ұсынды.
Еске салсақ, бұған дейін Трамп аутизм дертінің парацетамолға қатысы бар екенін мәлімдеген еді.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"