Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер Шумковтың өлімі: Такси жүргзушісі мен полицей қанды оқиға туралы айтып берді

Алматылық дәрігер-гастроэнтерелог Юрий Шумковтың өліміне қатысты сот отырысында такси жүргізушісі мен полицей қанды оқиға туралы айтып берді. Полицейдің сөзінше, күдікті тұтқындау барысында қарсылық танытып, қарумен соққы жасаған, дер хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

шумков

Такси жүргізушісі Дидар Қырықбаевтың сөзінше, күдікті көлікке отырған соң дәрігерде атып өлтіргенін айтқан. 

"Мені де атып тастайды деп қорықтым. Ол "Егер менің айтқанымды орындасаң, ештеңе болмайды" деп айтты. Жолда менің телефонымды талап етті. Қорыққанымнан барлығын бердім. Екі-үш рет ауруханаға қоңырау шалды. Шынымды айтсам, қорыққандықтан не айтқанын да түсінбедім", – деді ол. 

Ал полиция қызметкері күдіктіні ұстау кезінде болғанын айтады. Алайда ол қарудың дүмбісімен полицейдің басынан ұрып, қарсылық көрсеткен. 

Еске салайық, Юрий Шумков сәуірдің басында оққа ұшқан еді. Оны үйінің маңындағы көлік тұрағында атып кеткен. Кейін күдіктінің марқұм дәрігердің емделушісі болғаны анықталды. Күдіктінің туыстары қазір оның жағдайы нашарлап кеткенін айтады. Сондықтан сот тыңдалымдарына тергеу изоляторынан қатысады. 

Талқылау