Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда танымал дәрігер Юрий Шумковты өлтіріп кетті

Алматыда аңшылық қарудан атып өлтірілген ер адам гастроэнтеролог дәрігер Юрий Шумков болып шықты. Одан бұрынғы емделушісі кек алмақ болған, деп хабарлайды Stan.kz қпарат агенттігі Sputnik Қазақстанның Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Бұрынғы емделуші сәтсіз жасалған ем үшін дәрігердің өмірін қиған. Шумковты өлтірген соң, қылмыскер такси ұстап, оқиға орнынан ізін суытпақ болған. Алайда көп ұзамай ол қолға түсті. 

Күдікті отырған көлік "Шаңырақ" ықшам ауданында тоқтатылды. Күдікті онда жолаушы болып отырған. Оқ атылған қару тәркіленді.

Ал Юрий Шумковтың өзге науқастары дәрігер жұмыс істеген емханаға көңіл айтуда. Сөздеріне сенсек, дәрігер олардың басым бөлігінің өмірін сақтап қалған. 

Аталған дерек бойынша қаланың полициясы Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("кісі өлтіру") бойынша тергеу басталғанын растады.

Тергеу құпиясы сақталатынын ескеріп, Алматы полициясының баспасөз қызметі толық мәліметті ашпады. Sputnik Қазақстан дереккөзі қылмыс орнында не болғанын айтты.

"Күдікті Шумковтың пациенті екені анықталды. Дәрігер сәтсіз емдегендіктен, пациент оны өлтіруге бел буғанын айтты", - деді ақпарат көзі.

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті бірден таксиге отырып, қылмыс орнынан қашып кеткен.

"Көшедегі бейнебақылау камераларының көмегі арқылы жедел уәкілдер көлік маркасы мен мемлекеттік нөмірін анықтап, камералар арқылы оның қозғалыс бағытын қадағалады. Полиция жасағы көлікті Шаңырақ шағын ауданында ұстады. Күдікті көлікте болған", - деді құқық қорғау органдарындағы дереккөз.


Қайрат Нұртастың аяусыз соққыға жығылғаны жөнінде ақпарат тарады: Полиция пікір білдірді


Бұған дейін, Алматыда ер адамды аңшылық қарудан атып кеткенін жазған едік.

Талқылау