Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер Мясников маска тағу мен шектеулердің омикрон штамының алдында дәрменсіз екенін айтты

Дәрігер Мясников оқшаулау мен маска тағу шектеулерін омикрон штамының таралуына кедергі бола алмайтынын, жағдайдың алдын алу үшін өлім-жітім санымен қоғамды ақпараттандыру керек екендігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мясников аурудың таралу күшіне маска тағу мен шектеулердің кедергі бола алмайтынын айтып, қоғамның бұл штамм туралы ақпаратты дұрыс қабылдауын қолға алу керектігін жеткізді.

Оның пікірінше жағдайдың алдын алу үшін реанимация саны мен өлім туралы ақпараттар жарияланып отыруы керек. Ол мұны АҚШ-тың мысалымен суреттеді:

“Елде тәулігіне COVID-19 инфекцияларының жұқтыру саны бойынша 512553 жағдай тіркеліп, рекорд орнатылған. Бірақ өлім-жітім артқан жоқ. "Францияда күніне 180 адам, 200 мың адам жұқтырған көрсеткіштер бар. Алайда өлім деңгейі минималды. Реанимациялары жартылай бос", – деп қорытындылады сарапшы.

Ол бір жыл бұрын вирустың мутациясының неғұрлым жұқпалы екендігін болжағанын айтады.

“Қазірдің өзінде  АҚШ-та ПЦР тестілеуден оң нәтиже көрсеткендерге карантин уақыты қысқартылған. Себебі ауырып жатқандардың барлығы ұшқыш, механик, әуе басқарушылары болғандықтан, көптеген рейстер тоқтатылған. Бәрі суық тию мен ассиметриялық карантинге жатқызылған” – деді дәрігер.

Бұған дейін Мясников Ресейде омикрон-коронавирус штаммы ауруының өсуі қашан басталуы мүмкін деген болжам жасаған болатын. Маманның пікірінше, бұл штамм толқыны Еуропада төмендегеннен кейін пайда болуы мүмкін. Дәрігер COVID-19 вакцинасының маңыздылығын да еске салды.

 

Талқылау