Немересі әжесіне күтім жасау үшін дәрігер болып киініп, ауруханаға кіріп жүрген
Томск тұрғыны әжесіне күтім жасау үшін №2 Медицина-санитарлық бөлімнің қызыл аймағына дәрігер киімін кию арқылы кірген. "ТВ-2" жаңалықтар агенттігінің мәліметінше, тұрғын барлығын видео түсіріп алған. Ол жедел жәрдеммен келетін науқастардың жағдайына наразылығын білдірді. Ал мекеме аумағына кіруге әжесінің көршісі науқастарға тамақ бермейді дегенді айтқан соң шешім қабылдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Сибирь. Реалии" басылымына сілтеме жасап.
"Корпусқа кіріп, әжемнің қай бөлімде жатқанын сұрадым. Өзімді басқа бөлімнен келген терапевт ретінде таныстырдым. Палатаға кіргенімде әжем өз нәжісінің үстінде жатты. Ауа түтікшесі маңдайында тұр", - деді Томск тұрғыны.
Оның айтуынша, әжесі шприц арқылы сұйық тамақ ішеді. Альцгеймер ауруына шалдыққан науқас жүре де сөйлей де алмайды екен. Ауруханаға кіріп, туысына көмектесу үшін Томск тұрғыны бірнеше костьюм сатып алған. Өзімен бірге жөргектер, қайшы, майлық пен шприцтегі арнайы тағам, таңғыштар алып кірген.
"Ауруханада жағдай нашар: әйелдер су сұрайды. Түрмеге тап болғандай сезіндім. Дәрігерлер жұмыс қауырт екенін айтады, алайда палаталар жартылай бос. Науқастарға неліктен жануарға қарағандай қарайды? Бір мейіргерден науқастардың киімдерін неге ауыстырмайтынын сұрап едім. Ерінетінін айтты", - дейді ол.
"ТВ-2" жаңалық агенттігіне берген сұхбатында дәрігерлердің біреуі 50 мың рубль төлесе, науқасқа жақсы қарайтынын айтқан. Оның сөзінше, кейбірі дәрігер екенін білсе де, көмектескен. Бірақ қай бөлімнен келгені жайлы сұрақтар көбейген соң ауруханадан кетуге мәжбүр болған. Ол ауруханада барылығы үш күн бола алған. Қызыл аймаққа кіріп-шыққан сайын киімді жойып отырғанын айтады.
Томск тұрғыны соңғы бірнеше күн бойы әжесі жайлы ақпарат ала алмаған. Ауруханаға хабарласқан, бірақ тұтқаны ешкім көтермепті. Сонымен қатар денсаулық сақтау департаменті және сақтандыру компаниясымен де байланысқа шыға алмаған екен. Ол №2 аурухана бас дәрігерінің туыстары Төтенше жағдайлар департаментінде жұмыс істегендіктен, прокуратураға арыз түсірмегенін айтады. Нәтижесінде Мәскеуге барып, Тергеу комитетінің басқармасына арыз жазған. Комитет өкілдері арыз бойынша тексеріс жүретінін айтқан. Томск облыстық прокуратурасы да бұл ақпаратты растады.
"ТВ-2" жаңалықтар агенттігінің журналистері оқиға қатысушыларының аты-жөнін жарияламаған.

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
