Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Назарбаева Мәжілістен кетуді шешті

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева Мәжілістегі өкілеттігінен бас тарту туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Сонымен қатар ол қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық істерімен шұғылданатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz басылымына сілтеме жасап. 

Дариға

"Бүгін Мәжілістегі өкілеттігімнен бас тарту туралы шешім қабылдадым және қоғамдық, гуманитарлық, мәдени, қайырылымдылық істеріне ден қоймақпын. 

Мен Nur Otan партиясына дауыс берген барлық қазақстандықтарға, партияластарыма және ел басшылығына артқан сенімдері үшін алғыс айтамын", – деді Назарбаева өз мәлімдемесінде. 

Дариға Назарбаева қаңтар айында өткен оқиғалар жайлы да айтып, ел бірлігінсіз Қазақстанның дамымайтынын қосып өтті. 



"Оқиғалардан кейін әділ тергеу жұмыстары жүріп, кінәлілер өз жазасын алуы керек деп есептеймін. Ал жазықсыз азаматтар босатылуы қажет. 

Барлығымыз "қайғылы қаңтардан" сабақ алып, мұндайдың қайталануына жол бермеуіміз керек. Бұл қасіретті күндер анархияның қандай жағдайға алып келетінін көрсетті", – деді ол. 

Сонымен қатар Елбасының қызы ұлттық құндылықтар мен егемендікті сақтап қалу үшін бірлігімізді жоғалтып алмау керек екенімізді атап айтты. 

"Мен әрі қарай да еліме қызмет етемін. Бұл үшін лауазым қажет емес", – делінген Дариға Назарбаеваның хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Назарбаева жыл басынан бері Мәжіліс отырысына қатыспаған еді. Депутаттың көмекшісі Назарбаеваның ақысыз еңбек демалысында екенін айтқан. 

Талқылау