Дариға Назарбаева мәжіліс депутаттығына үміткер екені белгілі болды
ҚР сенатының экс-спикері Дариға Назарбаева мәжіліс депутаттығына ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Nur Otan партиясынан ұсынылған мәжіліс депутаттығына үміткерлердің тізімі жарияланды. Олардың қатарында сенаттың экс-спикері Дариға Назарбаева, үкімет басшысы Асқар Мамин, Nur Otan партиясының бірінші орынбасары, Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбек, президент әкімшілінің жетекшісі Ерлан Қошанов, мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов және т.б. бар.
Кандидаттардың тізімі 126-ға жетеді: оның 77-сі праймериз бойынша іріктелсе, 49-ы орталық партиялық квотамен келген.
Айта кетейік, бұған дейін 2020 жылдың 2 мамырында сенат спикері Дариға Назарбаеваның өкілеттілігі тоқтатылғаны айтылған еді.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда