Соңғы жаңалықтар

Әйгілі Шерлок Холмстың Лондондағы үйі Назарбаевтар әулетіне тиесілі екені белгілі болды

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасына Лондондағы Бейкер-стрит көшесінде орналасқан әйгілі Шерлок Холмстың музей-үйі тиесілі. Бұл туралы The Times газеті жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлемдегі ең танымал детектив үйінің иелері - Қазақстан Ұлт көшбасшысының үлкен қызы Дариға Назарбаева мен оның ұлы Нұрәлі Әлиев. 2015 жылы британдық журналистер тапқан құжаттарда осылай жазылған екен.

Сондай-ақ, Назарбаев пен Әлиевтер Бейкер көшесіндегі 215 және 237 үйлер арасында бірнеше басқа ғимарат пен жерлерге ие. Бұл мүліктің жалпы құны шамамен 140 миллион фунт стерлингті құрайды.

Бұған дейін EADaily басылымы бұл жыл Дариға Назарбаева үшін қиын жыл болды деп хабарлаған. Көктемде белгісіз себептермен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оны Сенат спикері қызметінен босатты (жұмыстан босату елбасы қызының шамадан тыс амбицияларының салдары болды деп айтылды). Ал тамыз айында Лондонда оның екінші ұлы Айсұлтан Назарбаев кенеттен қайтыс болды, ол есірткіге тәуелділіктен зардап шегіп, өзінің жақындарын әшкерелейтін мәлімдемелер жасады.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды 30 жылға жуық уақыт басқарды және 2019 жылы өз еркімен қызметінен кетті. Қазір ол Елбасы (Ұлт көшбасшысы) атағына ие, "Нұр Отан" партиясын және Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесін басқарады.

Сондай-ақ, Назарбаевтар әулеті елдің ең бай адамдарының қатарына кіреді.
 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр