Дариға Назарбаева ұлының өлімі туралы сөз қозғады
Дариға Назарбаева ұлы Айсұлтан Назарбаевтың көз жұмғаны туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дариға Назарбаеваның сөзі Нұрсұлтан Назарбаев қорының Facebook-тегі парақшасында жарияланды.
"Біздің отбасымыз сүйікті Айсұлтанымыздың дүниеден озғанына байланысты сарыла қайғыруда. Осы қаралы кезеңде халайық бұл орны толмас қазаға қатысты түсіністігі мен әдептілігін танытады деп сенеміз"- делінген жазбада.
- "Өмірде ештеңе кездейсоқ болмайды": Айсұлтан Назарбаев несімен есте қалды
- Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы, жастық шағы
Бұған дейін Айсұлтан Назарбаевтың көз жұмғаны белгілі болған еді. Алдын-ала болжам бойынша,16 тамызға қараған түні Айсұлтанның жүрегі тоқтап қалған.
Айсұлтан Назарбаев 30 жаста еді.
Қазақстандық оқушыларға теріс басылған оқулық берілген: Баспа не дейді
Оқу жылы басталып, оқулықтардың жағдайына қатысты шағымдар көбейді
Астанада қыз 10-қабаттан секіріп кеткен: Полиция бейнежазбаларды туыстарына бермей отыр
Астанада 10-қабаттан секірген арудың достары телефонға мүлдем жауап бермейді