Айсұлтан Назарбаев көз жұмды

Елбасының немересі Айсұлтан Назарбаев түнде Лондонда қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

БАҚ: Айсұлтан Назарбаев Лондонда сот алдында жауап берді

Басылымның мәліметінше, Алдын-ала болжам бойынша Айсұлтанның жүрегі тоқтап қалған.

Айсұтан Назарбаев 30 жаста еді.

Айсұлтан Назарбаев - Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі.

1990 жылы 26 тамызда Қазақстан президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің отбасында дүниеге келді.

Ол Астанадағы «Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінде», сондай-ақ Австрияның «American International School» мектеп-интернатында оқыды. Сандхурст британдық корольдік әскери академиясын 2010 жылы бітірген. 2012 жылы ол Қазақстан қорғаныс министрлігінің бас барлау басқармасында жұмыс істей бастады, онда бір жыл қызмет етті.

Ол әкесінің Австриядағы елшісі қызметін атқарған кезінде Адмира Ваккер клубында футбол ойнаған. 

Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Айсұлтан Назарбаев тегін "Рахат" деп өзгерткені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр