Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәл қазір қай елде демалу қауіпсіз – Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға кеңес берді

КамбоджаФото: freepik.com

Сыртқы істер министрлігі қазір демалысқа баруға қай ел ең қауіпсіз екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сауалға Сенат кулуарында сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов жауап берді. 

Оның айтуынша, қазір қазақстандық туристер үшін ең қолайлы бағыттардың бірі Оңтүстік-Шығыс Азия елдері. Атап айтқанда, Таиланд, Вьетнам және Камбоджа қауіпсіздеу бағыт ретінде қарастырылып отыр.

“Бұл сұраққа нақты жауап беру қиын. Себебі әртүрлі елден туристер мен азаматтарға қатысты түрлі жағдайлар туралы ақпарат түсіп жатыр. Сондықтан біржақты нақты айту мүмкін емес. Дегенмен қазір Оңтүстік-Шығыс Азия елдері біздің туристер үшін анағұрлым қолайлы бағыт болуы мүмкін”, – деді вице-министр.

Сонымен қатар Арман Исетов Таяу Шығыс аймағы әлі де қақтығыс ошағы екенін айтты. Сондықтан Сыртқы істер министрлігі әскери қимылдар жалғасып жатқан және жағдай тұрақсыз елдерге бармауға кеңес берді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Мысырды бару ұсынылмайтын елдер тізімінен шығарғаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Бейсенбі, 16 Сәуір, 2026 13:34