Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады

Фото: gov.kz

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты азаматтарға арналған ұсынымдар жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға барудан бас тарту ұсынылатын елдердің тізімін жариялады. 

“Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына, сондай-ақ көптеген елдердің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына белсенді әскери іс-қимылдар толық тоқтап, жағдай толық тұрақтанғанға дейін келесі елдерге барудан бас тартуды қатаң түрде ұсынады”, – делінген хабарламада. 

Air Astana Таяу Шығыс елдеріне рейстерді 10 наурызға дейін тоқтатты

Біріккен Араб Әмірлігінде қалып қойған қазақстандықтар рейстің бір апта кешіккенін айтып шағымданды


 

Бұл тізімге Бахрейн, Мысыр, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Катар, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман және Сирия кірді.

Министрлік өңірде жүрген Қазақстан азаматтарын жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуге, қауіпті аудандарға бармауға, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауға, соның ішінде зымырандық қауіп туындаған жағдайда дереу баспаналарға/паналау орындарына баруға, сондай-ақ Қазақстанның шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болуға шақырды. 

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық туристік компанияларға Таяу Шығыс елдеріне тур сатпау ұсынылған еді.

Дана Русланқызы
Жұма, 06 Наурыз, 2026 22:21