"Ата-ананың ақшасына қыдыру": Оқу-ағарту министрлігі не себепті түлектердің бітіру кешін өткізбеуге кеңес бергенін түсіндірді

Фото: ЖИ
Оқу-ағарту министрлігі не себепті мектеп түлектеріне бітіру кешін өткізуге қатаң тыйым салғанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқу-ағарту министрінің орынбасары Шынар Ақпарованың сөзінше, бұл бұйрық жыл сайын шығады.
"Бітіру кештерін мектепте немесе басқа жерлерде өткізуді ұсынбаймыз. Өйткені балаларымыз кәмелетке толмаған. Ең алдымен ата-аналарға және олардың саналылығына сенеміз, себебі, Құдай сақтасын, олардың балаларына бірдеңе болып қалмасын дейміз. Сондықтан оқу-ағарту министрлігімен, білім департаментімен, мектеп әкімшілігімен, соның ішінде ата-аналармен бірлесіп, балаларға ешқандай іс-шаралар ұйымдастырмауға кеңес беруіміз керек", –деді Ақпарова.
ОқыңызОл өткен жылдары осындай кештерден кейін кәмелетке толмағандардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары болғанын атап өтті.
"Біз бәріміз балалардың бойында өмірде қолдана алатын қасиеттерді тәрбиелеуіміз керек. Ата-аналарының ақшасына қандай да бір ойын-сауық іс-шарасына қыдырғандары кейінірек ұмытылады. Әсіресе ата-аналар бұған сонша шығындалады. Сондықтан оқу-ағарту министрлігі мұны құптамайды", – деді министрдің орынбасары.
Еске салсақ, Қазақстанда мектептердегі түлектердің бітіру кешіне ақша жинауға, мейрамханаларда кеш өткізуге тыйым салынатыны айтылды.
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек
Қазақстан оған тек спорттық мүмкіндік берген мекен емес, жүрегіне жақын елге айналған
"Әрқайсысына 150 миллион теңгеден": Елдегі ұлттық компаниялар 2025 жылы басшыларына қанша сыйақы төлеген
Бағдат Мусин басқаратын Қазақтелекомда жалпы сыйақы көлемі 752,3 миллион теңге болған