Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында үш жігітті ұрып, бір-бірін зорлауға мәжбүрлеген: Полиция күдіктілерді ұстады

есірткі таратқандарды зорлап жазамақ болған
Фото: Polisia.kz

Алматы облысында есірткі таратумен айналысқан үші жігітті белгісіз азаматтар жазаламақ болған. Олар осы істері үшін үшеуін бір-бірін зорлауға итермелеген. Полиция желіде тараған оқиғаға байланысты тергеу жүргізетін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі polites.news порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Письма Президенту" Telegram-арнасында "Жүйкесі әлсіз адамдарға көруге болмайды" деген белгімен қоғамда резонанс тудырған жазба жарияланды. Тараған видеода есірткі жасырумен айналысты деген күдікке ілінген үш жас жігітті белгісіз адамдар бір-біріне қорлайтын әрекеттер жасауға мәжбүрлеген. Жазба авторлары оқиға Алматыда болғанын болжап, Қазақстан Ішкі істер министрлігінен шара қабылдауды сұрады. Сонымен қатар жазбада жастарды есірткі бизнесінен аулақ болуға шақырған қазақ тіліндегі үндеу жарияланған.

Бейнежазбадағы зардап шеккендердің бірі өзін полиция қызметкерінің ұлымын деп таныстырғаны қоғамда ерекше резонанс тудырды.

Алматы қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы жарияланымға жедел әрекет етіп, сол күні видеодағы азаматтардың жеке басын анықтап, түсініктеме алу үшін полиция бөліміне жеткізді.

Тексеру барысында видеодағы оқиғаның Алматыда емес, Алматы облысының Қарасай ауданында болғаны анықталды. Осыған байланысты жиналған материалдардың барлығы аумақтық тиістілігі бойынша Қарасай аудандық полиция басқармасына жолданып, әрі қарайғы тексеру мен процессуалдық шешімдер сол жерде қабылданатын болды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалғаны немесе жастарға күш көрсеткен адамдардың ұсталғаны туралы ақпарат түспеген. Тергеу барысы бақылауда.

Полиция есірткі бизнесіне араласудың үлкен қауіп төндіретінін тағы да ескертті. Ведомство мәліметінше, мұндай әрекетке қатысушылар қылмыстық жауапкершілікпен қатар, кураторлар мен бәсекелес топтардың зорлық-зомбылығына да жиі тап болады.

Stan.kz
Сейсенбі, 19 Мамыр, 2026 16:08