Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы кемінде үш жылда бір рет көтеріледі: Тоқаев заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңға, сондай-ақ мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа заң әлеуметтік кепілдіктерді кеңейтеді. Енді мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы кемінде үш жылда бір рет көтеріліп отыруы тиіс. Қызметкерлерге қоныс аударған кезде тұрғын үй төлемдері беріледі, жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларға қолжетімділік және балаларын балабақшаға кезектен тыс орналастыру құқығы ұсынылады.
Сондай-ақ еңбек өтілі 25 жылдан асқан әрі марапаттары бар қызмет ардагерлеріне зейнетке шыққан кезде біржолғы төлем қарастырылған.
Заңның жеке бір бөлімі еңбек жағдайларын реттеуге арналған. Құжатта апталық жұмыс уақыты 40 сағат болып бекітілген, ал I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін ол 36 сағатқа дейін қысқартылады. Кей жағдайларда басшылар толық емес жұмыс күнін белгілеуге құқылы болады.
ОқыңызСондай-ақ жаңа заң артық жұмыс үшін өтемақы төлеуге және еңбек өтіліне байланысты қосымша демалыс күндерін беруге кепілдік береді. Қызмет бабымен басқа қалаға көшкен жағдайда мемлекет тұрғын үй мен жеке заттарды тасымалдау шығындарын толық өтейді.
Заңдағы негізгі жаңашылдықтар:
- шенеуніктерге азаматтарға формалды себептермен қызмет көрсетуден бас тартуға тыйым салынады;
- тәртіптік комиссиялар жеңілдететін жағдайларды ескеретін болады, ал тәртіптік жаза мерзімі екі айдан алты айға дейін белгіленіп, оны мерзімінен бұрын алып тастау мүмкіндігі қарастырылады;
- eQyzmet жүйесі қызметкерлерді жұмысқа қабылдау барысын цифрландырады, ал тәлімгерлік институты жас мамандардың қызметке тез бейімделуіне көмектеседі;
- әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметкерлердің құқықтарын қорғау және олардың шағымдарын қарау бойынша өкілеттігі кеңейтіледі;
- мамандар бос лауазымдарға конкурссыз бір жылға дейін уақытша тағайындала алады және бұл мерзім жалпы еңбек өтіліне есептеледі;
- заңда игерілмеген авансты қайтару үшін жалақының бір бөлігін ұстап қалуға, қызметкерді еңбек демалысынан кері шақырту тәртібіне рұқсат беріледі, сондай-ақ жұмыстан шығаруға негіз болатын тәртіп бұзушылықтардың тізімі бекітіледі.
Заң шығарушылар медицина саласына ерекше назар аударған. Жоғары жауапкершілік жүктелетін лауазымдар үшін қызметкердің есірткі қолданбағанын растайтын міндетті тестілеу енгізіледі, ал басшылар мұндай тексеруден жыл сайын өтіп отырады.
Еске салсақ, бұған дейін мемлекеттік қызметкерлер алкоголь мен есірткі қолданбағанын медициналық тексеру арқылы дәлелдейтіні туралы жазған едік.
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек