Айт намазы қашан басталады: Қазақстанның барлық өңірлері бойынша кесте жарияланды

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) әр өңір бойынша айт намазының толық кестесін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана, Алматы және Шымкент қалаларында айт намазы сағат 6:00-де басталады. Елдің көптеген өңірлерінде де намаз 6:00-де оқылады. Ал Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында ол 6:30-да басталады.
ҚМДБ атап өткендей, "айт" сөзі араб тілінен аударғанда "мереке" деген мағынаны білдіреді. Ислам дінінде екі айт намазы бар: Ораза айт және Құрбан айт. Айт намазы екі ракағаттан тұрады және жамағатпен оқылады. Оның алдында азан мен қамат айтылмайды.
Құрбан шалу – берілген игіліктер мен амандық үшін шүкіршілік ретінде орындалатын амал. Құрбандық етін мұсылмандар отбасына, туыстарына, көршілеріне және мұқтаж жандарға таратады. ҚМДБ бұл дәстүр қоғамдағы өзара көмек, мейірімділік пен бірлікті нығайтады деп атап өтті.
Еске салсақ, биыл Қазақстандықтар 27 мамыр күні Құрбан айт мерекесін атап өтеді.
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек
Оқыңыз