Қазақстанда жол үстінде намаз оқуға тыйым салынады – Имам

Фото: Threads
Қазақстанда жол үстінде намаз оқуға тыйым салынады. Яғни басқа адамдардың қозғалысына кедергі келтіріп құлшылық жасауға болмайды. Ондай әрекет заңға ғана емес, діни ережеге де қайшы екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүгінде қалаларда, әсіресе Алматыда жұма күндері құлшылық ететін орындарда кептеліс болып, ғимаратқа сыймаған адамдардың көшеге дейін шығып кететіні жиі байқалады. Сол себепті діни басқарма өкілдері намазға уақытында келіп, көліктерін өзгелерге кедергі келтірмейтін тұрақтарға қою керегін ескертті.
“Көлікпен болсын, өзі болсын жолды жауып тастап, намаз оқығанша, одан да оның оқымай-ақ қойғаны дұрыс. Неге? Себебі парыздан бұрын бірінші нәрсе бар. Адамдарға зиян тигізбеу, денсаулыққа зиян келтірмеу бірінші орында тұрады. Дені сау болмаса, құлшылық жасай алмайды”, – деді Алматы орталық мешітінің наиб имамы Бауыржан Көптілеуов.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"