Алматыда боқтау сөз айтқызатын әйелдер семинарының ұйымдастырушысына айыппұл салынды
Полиция әйелдерге арналған даулы семинар ұйымдастырушысына айыппұл салды. Ол семинарға келген әйелдерді айқайлап боқтатқызған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Семинарда әйелдер ашу-ызасын боқтау арқылы шығарады екен. Барлығы “за**алсың” деп айқайлайды. Осындай семинардағы боқтау сөздері бар видеодан кейін полиция жағдайға жауап берді.
Алматы полиция департаменті іс-шара барысында қатысушылар балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғанын хабарлады.

Ұйымдастырушыға қатысты ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік іс қозғалды. Сот оған 20 АЕК не 86 500 теңге айыппұл салды.
Полиция кез келген қоғамдық іс-шаралар заң мен қоғамдық тәртіпті сақтай отырып өткізілуге тиіс екенін еске салды.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге