Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл елдегі мектептерде соңғы қоңырау қалай ұйымдастырылады. Министрлік жауап берді

қоңырау
Фото: magnific.com

Қазақстан мектептерінде оқу жылы аяқталуға жақын. Оқу-ағарту министрлігі соңғы қоңырау іс-шаралары биыл қандай форматта өтетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрлік мәліметінше, оқу жылының аяқталуына бір аптадан аз уақыт қалды. Оқу процесі 25 мамырда аяқталады.

"Оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шараны өткізу туралы шешімді мектептер өздері қабылдайды. Сонымен қатар мектеп дәстүрлері сақталады. Мектеп пен мұғалімдерге алғыс айту, өлең оқу, ән айту және түлектер вальсі ұйымдастырылады”, – делінген хабарламада. 

Министрлік барлық мектепте “Білімім – Отаныма!” тақырыбында сынып сағаттары өтетінін хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда соңғы қоңырауға қатысты ережелер мен тыйымдар айтылған еді. 

Нұрила Жұмаділлә
Сейсенбі, 19 Мамыр, 2026 16:56