Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bank RBK 300 миллион АҚШ долларлық еурооблигацияларды сәтті орналастырды

Қазақстанның жетекші коммерциялық банктерінің бірі Bank RBK АҚШ долларымен номинацияланған, басымдық қамтамасыз етілмеген Reg S / Rule 144A форматында 5 жыл айналым мерзімімен 300 млн АҚШ долларлық еурооблигацияларды сәтті орналастырды.

Облигациялар 2026 жылғы 19 мамырда шығарылды, купон мөлшерлемесі жылдық 7,700%-ды құрады. Тартылған қаражатты жалпы корпоративтік мақсаттарға және Қазақстан экономикасының жобаларын кредиттеуге бағыттау жоспарланып отыр.

Осы мәміле арқылы Банк еурооблигациялары халықаралық борыштық капитал нарығында дебюттік шығарылымын жасады және халықаралық инвесторлардың алдында банктің кредиттік тарихына деген сенімінің жоғары деңгейін көрсетті. Кейінгі бірнеше жылда Bank RBK айтарлықтай трансформациядан өтті – тұрақтылықты нығайтты және менеджменттің жаңа тобының басшылығымен қаржылық көрсеткіштерді айтарлықтай жақсартып, нарықтың сенімін қалпына келтірді.

Банк мемлекеттік қолдауды мерзімінен бұрын және толық көлемде қайтарды, кредиттік портфель құрылымын оңтайландырды. Теңгерімді сауықтыру нәтижесінде активтердің сапасын жақсартты, кірістілікті арттырды және бизнестің ауқымын кеңейтті.

Еурооблигациялар АҚШ пен Иран арасындағы қақтығысқа байланысты геосаяси белгісіздіктің артуына қарамастан, сәтті орналастырылды. Мәміле Ұлыбритания, Еуропа, АҚШ, Таяу Шығыс және Азия елдеріндегі инвесторлармен бетпе-бет кездесулер мен конференциялық қоңыраулар арқылы белсенді түрде алға ілгерілетілді. Өтінімдер кітабы сұраныстың шығарылым көлемінен асып кеткенін көрсетіп отыр. Шығарылымның бөліну нәтижесінде 38%-ы - АҚШ инвесторлары, 18,7%-ы - Ұлыбритания, 17,6%-ы - құрлықтық Еуропа және 25,7%-ы - Азия, Таяу Шығыс және Қазақстан инвесторларынан тұрады.

Шығарылым Fitch Ratings-те BB және Moody's-те Ba3 рейтингтеріне ие болған. Еурооблигациялар Vienna MTF және Astana International Exchange алаңдарында орналастырылады.

Citigroup және J.P. Morgan бірлескен жетекші менеджерлер және мәміле букраннерлері ретінде әрекет етті. Ал Teniz Capital мәміленің қазақстандық менеджері болды.

ҚНРДА-мен 2021 ж. 05.04. берілген № 1.2.100/245/41 лицензиясы

Stan.kz
Сейсенбі, 19 Мамыр, 2026 14:40