"Әділдік орнауын сұраймын”: Жұмабек Жанықұловтың бұрынғы әйелі алиментке қатысты сот бойынша үндеу жариялады

Жұмабек Жанықұловтың бұрынғы жұбайы Жанна Жанықулова TikTok-та видеоүндеу жариялап, Алматыдағы сотта неке шарты мен алимент келісіміне қатысты іс қаралып жатқанын айтты. Ол процестің әділ өтуін сұрап, қоғам назарын аударуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
TikTok-тағы видеоүндеуде Жанна Маратқызы Жанықұлова, өзін Жұмабек Жанықұловтың бұрынғы жары бес баланың анасы ретінде таныстырған. Айтуынша, ерлі-зайыпты 20 жыл бірге тұрған.
“Ажырасуға бұрынғы жұбайымның опасыздығы себеп болды. Сондай-ақ оның сөзінше, неке шарты некеде тұрған кезде көтерілмеген. Тек ажырасу туралы шешім қабылданғаннан кейін ғана пайда болған.
Жанықулованың айтуынша, қазір Алматыдағы ювеналды сотта неке шарты мен алимент төлеу туралы келісімді жарамсыз деп тану жөніндегі іс қаралып жатыр.
“24 маусымда өткен сот отырысында судья берілген бірқатар өтініштерді қанағаттандырмады. Солардың бірі табысқа қатысты болған. Салық органдарынан "Каражал Оперейтинг" компаниясы бойынша мәлімет алынды. Онда үш жылдық табыс 20 миллиард теңгеден асқан. Ал мұндай компаниялар саны 18-ге жетеді. Судья бұл дерекке назар аудармады. Сол себепті менің адвокатым судьяға қарсылық білдірді. Бұрынғы күйеуім Жұмабек Жанықұловтың әкімшілік, материалдық мүмкіндіктерді түсіне отырып, ол өз активтерін сақтау үшін бәрін істейтінін білемін. Сол үшін мен қоғам белсенділерінен, жауапты тұлғалардан менің ісім толықтай қаралып, әділдік орнауын сұраймын”, – деді Жанна.
Еске салсақ, қазақстандық тележүргізуші әрі кәсіпкер Динара Сәтжан кәсіпкер Жұмабек Жанықұловқа тұрмысқа шыққан. Бұған дейін ол сұхбаттарында танысқан кезде Жанықұловтың ажырасқанын, ал ресми ажырасу 2023 жылы болғанын айтқан.
Жұмабек Жанықұлов – қазақстандық кәсіпкер, инвестор әрі қоғам қайраткері. Ол бірқатар ірі өнеркәсіптік және тау-кен компанияларының негізін қалаған. Forbes-тың 2022 жылғы рейтингінде Қазақстанның ең ауқатты 50 адамының қатарына енген. Қазір сот процесі оның бұрынғы жұбайы Жанна Жанықұлованың арасында жалғасып жатыр.
@pravo_sud777
"Төсеме деп айтқаным үшін әкемнен сөз естідім": Қазақстандықтар етеккір туралы айтуды "ұят" көретіндерді сынады
Оқыңыз