Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Toyota 90-жылдары Қазақстанда танымал болған моделін кері қайтарып жатыр

Тойота
Фото: istockphoto.com

Toyota Қазақстандағы ескі RAV4 көліктерін қауіпсіздік жастығының ықтимал ақауына байланысты кері шақыртып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы Қазақстанның техникалық реттеу және метрология комитеті мәлімдеді. 

Ерікті кері шақыру науқаны 1997–1998 жылдары шығарылған кейбір Toyota RAV4 көліктерін қамтиды. Осы бағдарлама аясында мамандар жүргізушінің алдыңғы қауіпсіздік жастығының газ генераторының жай-күйін тексереді және қажет болған жағдайда оны тегін ауыстырады. Кері шақырылған көліктер зауытта орнатылған Takata (NADI) газ генераторларымен жабдықталған.

"Тойота Мотор Қазақстан" компаниясының мәліметінше, уақыт өте келе газ генератордың кейбір бөлшектерінің сипаттамалары нашарлауы мүмкін. Жекелеген жағдайларда бұл ақау апат кезінде қауіпсіздік жастығының дұрыс жұмыс істеуіне әсер етіп, жарақат алу қаупін арттыруы ықтимал.

1997–1998 жылдары шығарылған Toyota RAV4 иелеріне көліктің кері шақыру науқанына кіріп-кірмейтінін тексеру ұсынылады. Мұны арнайы сайтта VIN-код арқылы анықтауға болады.

Егер көлік осы науқан талаптарына сай келсе, Қазақстандағы кез келген ресми Toyota дилеріне жүгінуі қажет. 20SMD-005 кері шақыру науқаны аясындағы барлық жұмыстар Қазақстандағы кез келген ресми Toyota дилерлік орталығында тегін орындалады.

Еске салсақ, бұған дейін Hyundai тежегіш жүйесі зақымданып, 421 мың көлігін кері шақырғаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Жұма, 26 Маусым, 2026 18:36