Алматылық әйел лотереяға қатысып автокөлік ұтып алды

Алматы тұрғыны Рима лотерея билетін тек бағын сынап көру үшін сатып алған. Алайда оның жолы болып, "Сәтті жұлдыз" ұтыс ойынының жеңімпазы атанды. Енді әйел көптен бері жоспарлаған көлігін алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Рима жеңіс туралы хабарды естігенде алғашында оның рас екеніне сенбегенін айтады. Бүгінде ол бұл сәтті өміріндегі ең ерекше оқиғалардың бірі деп бағалайды.
"Шынымды айтсам, ұтып алғаныма бірден сенбедім. Алматыда тұрамын, тұрмыстамын, екі балам бар. Қазір декреттік демалыстамын. Лотереяға көптен бері аздап қатысып жүрдім. Оның өзі тек бағымды сынап көру үшін. Ұтыс туралы маған телефон арқылы хабарлады. Сол кезде қатты таңғалдым, әлі күнге дейін сене алмай жүрмін", – дейді жеңімпаз Рима.
Рима қуанышты жаңалықты естіген бойда оны ешкіммен бөлісуге асықпаған. Оның айтуынша, алдымен ұтыстың рас екеніне өзі толық көз жеткізгісі келген. Бұған дейін лотереяға сенімсіздікпен қараған ол бұл жолы тек соңғы рет бағын сынап көруге бел буыпты.
"Әзірге бұл жаңалықты ешкімге айтқан жоқпын. Алдымен бәрінің рас екеніне өзімнің көзім жетсін дедім. Бұрын лотереяға қатысқанда күмән көп болатын. Тіпті, "осы жолы да ұтпасам, енді мүлде қатыспаймын" деп өзіме уәде берген едім. Бірақ тағдыр басқаша шешті. Енді лотереяға деген көзқарасым өзгерді, алдағы уақытта да міндетті түрде қатысуды жалғастырамын", – деп бөлісті Рима.
Жеңімпаз ұтыс қаражатын қалай жұмсайтынын да алдын ала жоспарлап қойған. Оның айтуынша, отбасы бұрыннан жаңа көлік сатып алуды армандаған. Сондықтан бұл жеңіс олардың көптен күткен мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.
"Ұтысты ақшалай алуды таңдадық. Біз көптен бері өзімізге жаңа көлік сатып алуды жоспарлап жүргенбіз, енді сол арманымыз орындалатын болды. Лотерея билеттерін көбіне LOTO 6/49-ға онлайн сатып аламын. Бұл науқан туралы Instagram-дағы жарнамадан білдім. Бұрын күмәнданғаныммен, енді бәрінің шынайы екеніне көзім жетті. Сондықтан барша қатысушыларға айтарым – бақтарыңызды сынаудан қорықпаңыздар, сеніңіздер. Кейде бір ғана билет өміріңізді өзгертуі мүмкін. Баршаңызға сәттілік тілеймін!", – дейді Рима.
Егер сіз де жүлде иесі атанып, жеңімпаз болғыңыз келсе, 28 маусымда "31 арна" тікелей эфирінде, сағат 10:00-де өтетін пәтер ұтысына қатысыңыз. Пәтер құны 20 млн теңге. Арнайы ұтыс TeleBingo тиражды лотереясы аясында өтеді. Оған қатысу үшін 3 500 теңгелік ЛотоЖинақ алсаңыз жеткілікті.
"Төсеме деп айтқаным үшін әкемнен сөз естідім": Қазақстандықтар етеккір туралы айтуды "ұят" көретіндерді сынады