Бибісара Асаубаева басқа ел азаматтығын алғалы жатыр ма: Спорт министрлігі жауап берді

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев шахматшы Бибісара Асаубаева азаматтығын ауыстыруы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұны журналистер вице-министрден парламенттің бірлескен отырысында сұрады.
“Тағы да қайталап айтамын, Бибісара Асаубаеваның азаматтығын өзгерту мәселесі мүлде көтеріліп отырған жоқ. Бұл әңгімені кімнің және не үшін таратқанын білмеймін”, – деді вице-министр.
ОқыңызОның айтуынша, Бибісара Асаубаева Қазақстанның нағыз патриоты әрі ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшы.
“Ол Қазақстан тарихында шахматтан әлем чемпионатының алтын медалін қатарынан үш рет жеңіп алған тұңғыш спортшымыз. Сондықтан біз Бибісараны ерекше құрметтейміз. Бұған дейін айтылған қаржық мәселесі толықтай шешілді”, – деді Серік Жарасбаев.
Вице-министрдің айтуынша, жақын арада Бибісара Асаубаева Астанаға келеді. Мұнда оған президент жарлығымен берілген мемлекеттік награда табысталады.
Айта кетейік, бұған дейін Шахматшы Бибісара Асаубаева Тоқаевтан көмек сұрап, спорт министрлігінен тиісті қолдау көрмей отырғанын жеткізген еді. Осыдан соң Спорт министрлігі шахматшы Асаубаеваның мәлімдемесіне жауап беріп, шахмат басым спорт түріне жатпайтынын мәлімдеді.
"Төсеме деп айтқаным үшін әкемнен сөз естідім": Қазақстандықтар етеккір туралы айтуды "ұят" көретіндерді сынады