"Шенеуніктерден гөрі ата-анам ел болашағына көбірек алаңдайды": Бибісара Асаубаева спорт министрлігінің жауабына шүйлікті
Үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева туризм және спорт министрлігінің оның жолдауына берген жауабын бағалап, жаңа мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол спорт министрлігі шахматты “спорттың басым түрлеріне кірмейді” дегеніне наразы.
“Мен спорт министрлігінің ресми жауабын мұқият оқып шықтым. "Шахмат – басымдық берілмейтін спорт түрі" делінген. Мен бұл сөз тіркесін бірнеше рет қайта оқыдым. Жақында ғана президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің стратегиялық бағытын белгіледі – "Мықты ұлт мықты интеллекттен басталады. XXI ғасырда басты ресурс шикізат емес, білім" деді”, – деді Асаубаева.

Сөзінше, әлемнің жетекші елдерінде шахмат жай ғана спорт емес. Бұл – стратегиялық ойлау, интеллектуалдық капитал және елдің бәсекеге қабілеттілігінің белгісі.
“Егер шахматқа басымдық берілмесе, онда президент маған не үшін үшін 2 және 3 дәрежелі "Барыс" ордендерін берді? Бүгінде мен әлем бойынша бесінші орындамын. Спорт министрлігінің жауабынан қарапайым қорытындыға келуге болады. Менің ата-анам мемлекеттік қызметкерлерге қарағанда елдің интеллектуалды болашағына шынайы патриоттар және инвесторлар”, – деді шахматшы.
Айтуынша, Қазақстанның болашағын интеллект, білім, ғылым және адами капиталдың сапасы анықтайды.
“Спорт министрлігінің ұстанымы президенттің саясатымен сәйкес келе ме? Өйткені шахматқа деген көзқарас – интеллектке деген көзқарас. Ал интеллектке деген көзқарас – елдің болашағына деген көзқарас. Шамасы спорт министрі басқа бағытты ұстанып отыр", – деп жазды Асаубаева өзінің Instagram парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін Шахматшы Бибісара Асаубаева Тоқаевтан көмек сұрап, спорт министрлігінен тиісті қолдау көрмей отырғанын жеткізген еді. Осыдан соң Спорт министрлігі шахматшы Асаубаеваның мәлімдемесіне жауап беріп, шахмат басым спорт түріне жатпайтынын мәлімдеді.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"