Қазақстан Ормуз бұғазы маңынан жер жалға алмақ: Министр оның не үшін қажет екенін айтты

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанның Ормуз бұғазы маңынан жерді жалға алуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрден үкімет отырысында Қазақстанның бұл аумақты қандай мақсатта жалға алатынын түсіндірді.
"Біз ол жерде жүктерді қайта тиеуге арналған терминал салуды жоспарлап отырмыз. Әңгіме Бендер-Аббас порты аумағындағы 15 гектар жер туралы болып отыр. Құрылысқа бюджет қаражаты жұмсалмайды. Жоба жеке инвестиция есебінен жүзеге асады. Менің білуімше, келісім соңғы кезеңге жетті. Жалдау ақысының шарттары да келісілген.
Бұл біз үшін неге тиімді? Себебі біз Ауғанстан арқылы теміржол салуды жоспарлап жүргенімізді айтып келеміз. Ал Иран арқылы өтетін теміржол қазірдің өзінде бар. Ол Ақтау қаласынан басталып, Түрікменстан арқылы өтеді. Жолда екі шекаралық өткел бар. Бірі – Етрек, екіншісі – Серахс. Екі бағыт та ақырында Парсы шығанағына шығады. Бұл – Қазақстанның мұхитқа тікелей шығу мүмкіндігі. Осы бағыт арқылы Үндістанға, Шығыс Африка елдеріне, Парсы шығанағы мемлекеттеріне және Оңтүстік-Шығыс Азияға жүк тасымалдауға болады. Біздің мақсатымыз осы", – деді Жұманғарин.
ОқыңызМинистрдің айтуынша, Қазақстан бұл бағыт арқылы түрлі тауарларды тасымалдамақ.
"Соның ішінде энергетика саласына қатысты өнімдерді, металл, трансформатор және басқа да жүктерді экспорттауды жоспарлап отыр. Келісімге қол қойылғаннан кейін бұл бағыт толық ашылады деп үміттенеміз. Сонда біз тауарларды Иранға да, Иран арқылы басқа елдерге де жеткізе аламыз
Егер келісімге қол қою мүмкін болмаса, Қазақстан балама бағыт ретінде Ауғанстан арқылы теміржол салып, Пәкістанның терең су айлақтарына шығу нұсқасын қарастырып отыр. Бұл тіпті тиімдірек болуы мүмкін. Өйткені онда Ормуз бұғазы арқылы өтудің қажеті болмайды. Жақында Иранның жол министрімен кездестім. Ол тағы бір порт – Чабахар портына дейін теміржол құрылысының аяқталуға жақын екенін айтты. Бұл порт Ормуз бұғазынан тыс орналасқан. Ормуз бұғазының стратегиялық тұрғыдан осал тұстары бар екенін көріп отырмыз. Мұндай жағдай алдағы уақытта қайталанбас деп үміттенемін. Дегенмен бұл біз үшін маңызды ескерту болды. Сондықтан осы бағытты да қарастырып жатырмыз", – деді ол.
"Төсеме деп айтқаным үшін әкемнен сөз естідім": Қазақстандықтар етеккір туралы айтуды "ұят" көретіндерді сынады