Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда салмақ бақылауынан қашпақ болған жүк көліктерін жүргізушілері миллиондаған айыппұл алды

жүк көлігі жол жиегінде қалдырған
Фото: depositphotos.com

Петропавлға кіреберісте 32 ауыр жүк көлігінің жүргізушісі салмақтық бақылаудан жалтару үшін көліктерін жол жиегіне тастап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өңір әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағамбетовтің айтуынша, тексеру нәтижесінде 93 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, автокөлік иелеріне 14 миллион теңгеден аса айыппұл салынған.

Температуралық режим (+25°C және одан жоғары) талаптарының бұзылуы кезінде ауыр жүк көліктерінің асфальт жолдармен жүруіне қатаң тыйым салынады. Себебі бұл жол инфрақұрылымына миллиардтаған теңге көлемінде зиян келтіреді. Көліктік бақылау инспекциясының мәліметінше, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында жүк салмағын белгіленген нормадан асырып тасымалдаудың 168 фактісі анықталған. Осы құқық бұзушылықтар бойынша салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 80 миллион теңгеден асты. Сонымен қатар 5,6 мыңнан астам жүк көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Жолдар әлі де бүлініп жатыр. Ал оларды қалпына келтіруге бюджеттен миллиардтаған теңге жұмсалуда. Карьер басшылары мен тасымалдаушылар өздерінің жеке жауапкершілігін түсініп, артық жүкпен материалдарды тиеп жіберуге толықтай жол бермеуі тиіс", – деді Марат Тасмағамбетов.

Гүлсезім Мұхатай
Сәрсенбі, 22 Шілде, 2026 09:32