Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баланы мектепке дайындағанда қалай үнемдеуге болады?

Фото: жасанды интеллект көмегімен дайындалған

Тамыз айы жақындаған сайын ата-аналардың басты шығындарының бірі – балаларды мектепке дайындау. Мектеп формасы, аяқ киім, сөмке, спорттық киім, күнделікті киетін жейделер мен футболкалар – мұның бәрін сатып алу кейбір отбасы үшін ондаған, тіпті жүздеген мың теңгеге түседі. Осындай шығынды азайтудың тиімді жолы – сапалы тауарларды JANA POST логистикалық сервисі арқылы Қытайдың маркетплейстерінен алдын ала тапсырыс беру. JANA POST Қытайдан жеткізу қызметін атқарады және Қазақстан бойынша 2000-нан астам тапсырыс алу пункттері бар сенімді оператор саналады.

Қазақстандық маркетплейстердегі орташа бағаларды салыстырсақ, бір ұл баланы мектепке дайындауға шамамен 80 мың теңге, ал қыз баланың негізгі мектеп киімдері мен керек-жарағына 62,5 мың теңге жұмсалады. Егер отбасында бір ұл мен бір қыз болса, мектепке қажетті негізгі киімдердің өзіне 142,5 мың теңге кетеді. Біз оқу жылы басталарда ата-аналардың неге маркетплейс өнімін көп алатынын анықтау үшін орта сападағы ұқсас тауарлардың баға айырмашылығын салыстырып көрдік.  

Қытайдың онлайн дүкендерінің басты артықшылығы – тауардың делдалсыз, тікелей зауыттан өндіруші бағасымен сатылуында. Соның арқасында мектеп сөмкесін, пеналдар мен түрлі шығармашылық жиынтықтарды Қазақстан нарығымен салыстырғанда тиімді бағаға сатып алуға болады. Сонымен бірге, бұл платформа Қазақстан нарығында әлі жоқ ерекше дизайнды, трендтегі кеңсе тауарларының түр-түрін ұсынады, яғни таңдау өте көп. Дегенмен, Қытайдан келетін тауар орташа есеппен 2-4 апта жүретіндіктен, тапсырысты шілде немесе тамыздың басында алдын ала беру ұсынылады.

Қажет тауарды Қытайдан тікелей тапсырыс беру ата-аналардың уақытын ғана емес, мектепке дайындық шығынын да азайтуға мүмкіндік береді.

Мысалы, Pinduoduo платформасынан қыз балаларға арналған сарафанды 4073 теңгеден бастап, 5160 теңгеге дейін сатып алуға болады. Қыздарға арналған мектеп формасының бағасы 8364 теңгеден басталса, жемпірдің бағасы 2135 теңгеден басталады.

Ұл балаларға арналған екілік костюм-шалбардың бағасы 4148 теңгеден басталып, 4406 теңгеге дейін, жейдені 1958 теңгеге, жеңсіз тоқыма кеудешені 1489 теңгеге табуға болады. Ұлдар мен қыздарға арналған футболкалардың орташа бағасы 3332 теңгеден тұрады. Ал спорттық киімдердің орта бағасы 5488 теңгеден тұр. басталады. Кеды мен кроссовкалардың орташа бағасы 4005 теңге, ал мектеп рюкзактарын 4352 теңгеге сатып алуға болады.

 

Қыз баланы киіндіруге қанша қаражат керек?

Маркетплейстегі орташа бағамен алынған

Бағаларды салыстырғанда, Қытай маркетплейстеріндегі ұқсас сападағы тауарлардың құны айтарлықтай тиімді екені байқалады.
Осылайша, қыз балаға арналған негізгі мектеп киімдерінің жалпы құны:

  • Қытайдың онлайн дүкенінде – 32 291 теңге;
  • Қазақстанның онлайн дүкенінде – 62 500 теңге;
  • Баға айырмашылығы – 30 209 теңге.

 

Ұл баланың мектеп киімі ше?

Маркетплейстегі орташа бағамен алынған

Ұл балаларға арналған мектеп формасы, спорттық киімдер мен аяқ киімдерде де баға айырмашылығы айқын көрінеді. Орташа сападағы әрі өтімді сегменттегі тауарлардың бағасын салыстырдық. Нәтижесінде орташа сегменттегі ұқсас тауарлардың бағасы:

  • Қытайдың онлайн дүкенінде – 39 357 теңге;
  • Қазақстанның онлайн дүкенінде – 80 000 теңге;
  • Баға айырмашылығы – 40 643 теңге немесе отбасылық бюджетті тура 2 еседен астам үнемдейсіз.

Бұл жердегі ең басты артықшылық — Қытайдан тапсырыс бергенде арзан, сапасыз тауар емес, дәл біздің маркетплейстерде 2-3 есе қымбат сатылатын сапалы, трендтегі әрі брендтік киімдерді өндірушінің өз бағасымен алдыруға мүмкіндік бар.

 

Кеңсе тауарлары қанша тұрады?

Мектеп құрал-жабдықтарын сатып алу кезінде үнемдеу үшін ең тиімді шешім — "аралас сатып алу" әдісін қолдану. Маркетплейстердегі бағаны салыстырсақ, сапалы ортопедиялық рюкзак пен сурет салу, шығармашылық жиынтықтарын тікелей Қытайдан алдыртқан тиімді. Мұндай тауарларды бірнеше апта бұрын алдын ала тапсырыс беру арқылы отбасы бюджетін айтарлықтай үнемдеуге болады.

Маркетплейстегі орташа бағамен алынған

Сонымен бағаларды салыстырсақ, Қытай маркетплейстеріндегі ұқсас тауарлардың (орташа баға сегменті бойынша) құны айтарлықтай тиімді екені байқалады:

  • Қытайдың онлайн дүкенінде – 13 641 теңге;
  • Қазақстанның онлайн дүкенінде – 23 000 теңге;
  • Баға айырмашылығы – 9 359 теңге.

 

Уақыт болса, үнемдеуге мүмкіндік бар

Мектепке дайындықты сабақ уақыты тақалғанда емес, алдын ала жоспарлау айтарлықтай қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді. Қытай маркетплейстерінде мектеп формасы, аяқ киім, сөмке, спорттық киім, кеңсе тауарлары ғана емес, қажет болса планшет, құлаққап және басқа да электроника түрлерін де тиімді бағамен табуға болады.

Тауарларды таңдағаннан кейін оны Қазақстанға қауіпсіз әрі сенімді жеткізу маңызды. Осындай қызметтердің бірі – JANA POST.

Компания Қытайдан Орталық Азия елдеріне трансшекаралық жеткізу қызметін көрсетеді. Оның логистикалық желісі Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Моңғолия аумағындағы шамамен 2000 тапсырыс беру және алу пунктін қамтиды. JANA POST құрамында 5 заманауи сұрыптау орталығы мен Орталық Азиядағы 3 өңірлік cross-dock орталығы жұмыс істейді. Сұрыптау инфрақұрылымы Алматы, Ташкент, Бішкек, Душанбе және Қытайдың Иу қаласында орналасқан.

Компания сондай-ақ Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің "Көк лента" бағдарламасының қатысушысы саналады.

Жаңа оқу жылы қарсаңында мектепке қажетті заттарды алдын ала жоспарлап, Қытайдың онлайн дүкендерінен тапсырыс беру отбасы бюджетін үнемдеудің бір жолы бола алады. Ал жеткізуді сенімді логистикалық оператор арқылы рәсімдеу тауарлардың уақытылы әрі қауіпсіз жетуіне мүмкіндік береді

Назархан Уән
Сәрсенбі, 22 Шілде, 2026 09:30