Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорған – Текелі тас жолында жолаушылар мінген көліктің үстіне ағаш құлады

АҒАШ КӨЛІК ЖОЛАУШЫ
Фото: Видеодан скрин

21 шілдеде Талдықорған – Текелі тас жолында жолаушылары бар Toyota Camry жеңіл көлігінің үстіне ағаш құлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ескелді ауданы әкімдігінің мәліметінше, қатты желдің салдарынан ағаш жол үстіне құлаған.

Ағаш құлаған көліктің ішінде бес адам болған. Зардап шеккендер Ескелді аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қазір олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Кейін құлаған ағаш жолдан түгелдей алынып тасталды. Қазір көлік қозғалысы қалыпты режимде жүзеге асырылып жатыр, жолда жүруге ешқандай кедергі жоқ.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 22 Шілде, 2026 09:16